- Басты бет
- Академиялық қызмет
- «Геоботаника» бөлімі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында магистранттар жүлделі орындарға ие болды!
«Геоботаника» бөлімі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында магистранттар жүлделі орындарға ие болды!
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Ботаника және агроэкология кафедрасының «Геоботаника» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттары 2026 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
2026 жылы «Геоботаника» бөлімі бойынша өткен конкурсқа жоғары оқу орындарынан ғылыми жұмыстар ұсынылып, конкурстық комиссия тарапынан олардың ғылыми мазмұны мен зерттеу нәтижелері қарастырылды.
Конкурс қорытындысы бойынша кафедра магистранттары төмендегідей марапаттарға ие болды:
II дәрежелі диплом
Маралов Дамир – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультетінің 1-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Бетпақдала шөлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі Poaceae Barnhart тұқымдасы өкілдерінің қазіргі кездегі алуантүрлілігін зерттеу». Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент м.а. Чилдибаева Асел Жумагуловна.
III дәрежелі диплом
Жазықбаев Нұрасыл – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультетінің 2-курс магистранты. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Жіңішкеқұм құмды алқабындағы Eremopyrum orientale (L.) Jaub. et Spach өсімдігінің фитоценотикалық жағдайын зерттеу». Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент м.а. Чилдибаева Асел Жумагуловна.
Конкурс нәтижелері бойынша жасалған қорытынды хаттама төменде көрсетілген.
Геоботаника НИРС Хаттама, 1-2 курс маг.pdf
Магистранттардың бұл жетістіктері кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін, жас зерттеушілердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын және ғылыми жетекшінің жүйелі еңбегін көрсетеді.
Ботаника және агроэкология кафедрасы магистранттарды және олардың ғылыми жетекшісін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды! Алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!