Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде Семейядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына орай «Жастар ядролық қарусыз әлемі үшін» атты студенттік форумы өтті.
Студенттік форум жұмысына ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов, антиядролық қозғалысының ардагерлері, Алматы қаласының ЖОО жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.
«Мемлекеті басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды сынақтан өткізуге тыйым салу, қару-жарақты таратпауға қатысты бірсыпыра жаһандық ұсыныстарын жасаған болатын. ҚазҰУ студенттері түрлі жобаларға, ағартушылық іс-шараларға қатысу арқылы Президенттің жаһандық ұсыныстарын қолдау жөніндегі қозғалысына белсенді араласуда. Бұл «Атом», «Жасыл көпір»,жаһандық қуат- экологиялық стратегия, «XXI ғасыр» бітімгершілік бағдарламалары: соғыссыз бейбітшілік»,-деп атап өтті ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов
Кездесу барысында Олжас Сүлейменов жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік қағидаларын кеңінентаратудың маңыздылығына тоқталды. «1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонының жабылуы тәуелсіздіктің бірінші қадамы болды. Ширек ғасыр бұрын қазақстандықтар ядролық қаруды тараптау және қарусыздандыру қозғалысын бастап кетті. Бүгінде әлемдегі бес полигонның үні өшіп тұр. Бұл бірінші кезекте Қазақстанның жасаған еңбегінің зор жемісі»,-деді «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменов.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен форумда, «Невада-Семей» жастар қозғалысы қанатының тұсау кесері өтті. «Ядролық зұлматпен күрес жалғасуда, енді, біз-ардагерлер, эстафетаны жастардың қолына береміз»,-деді Олжас Сүлейменов. Жас адамдардың ролі мен олардың мүмкіндіктерін айта отырып, қоғамдық қайраткер мен ақын ҚазҰУ студенттерінің жаһандық антиядролық қозғалысындағы бейбітшілік миссиясын толығымен қолдады.
«Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің көшбасшылығын ескере отырып, ядролық қауіпсіздік мәселелерін және невадалықтардың өсиеттері мен бастамалары қолдап отырған университет студенттері ел және бүкіл дүниежүзі жастарын планетаның тұрақты дамуыүшін және ядролық қаруды таратуға қарсы күресте бірігуге шақырады»,-деді «Невада -Семей» жастар ұйымының жетекшісі Гүлжанат Танабекова. Бір айта кетерлігі, жастар ұйымы қанатының қызметі жастар санасында ядролық қаруландыруды тоқтату, әлемде ядролық қарусыз бейбітшілік өмір сүру идеяларын насихаттауға арналған.
Форумда Алматы қаласының жастары ҚазҰУ студенттерінің ядролық қаруға қарсы жаңа деңгейдегі күрес пен бейбіт өмір эстафетасын жалғастыру жөнінде үндеу қабылдады. Жаһандық бастаманы Алматы қаласының барлық жастар ұйымдарының жетекшілері қолдап, «Невада-Семей» ұйымының жастар қанатының бөлімшелерін өз университеттерінде құруға дайын екендіктерін жеткізді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму мен бейбітшіліктің маңызды құндылықтарын насихаттауға арналған іс –шараларын ұдайы ұйымдастыруда.