- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері – Студенттік жобалар мен зерттеулердің II республикалық байқауының қатысушылары!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері – Студенттік жобалар мен зерттеулердің II республикалық байқауының қатысушылары!
2026 жылғы 10 қарашада Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) базасында Қазақстан банктері қауымдастығының (https://abrk.kz) ұйымдастыруымен және «Қазақстан банктері» журналының ақпараттық қолдауымен Студенттік жобалар мен зерттеулердің II республикалық байқауы өтті.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты (ТДМ 4) «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Әбен Анель мен Пан Ангелина «Қаржы және есеп» кафедрасының эдвайзері Қасенова Г.Е. жетекшілігімен аталған байқауға қатысты.
Байқау студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға, білім мен идеялар алмасуға, сондай-ақ қаржы-банк саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Іс-шараға қатысу студенттерге өздерінің білімдері мен зерттеу дағдыларын көрсетіп қана қоймай, құнды тәжірибе жинақтауға, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, жаңа байланыстар орнатуға және нетворкинг дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Байқаудың ерекше құндылығы академиялық қауымдастық, банк саласы өкілдері және студент жастар арасындағы өзара қарым-қатынас орнату мүмкіндігінде болды. Бұл болашақ қаржы саласы мамандарының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Студенттердің осындай республикалық іс-шараларға қатысуы сапалы білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандырады және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға ықпал етеді.
Студенттерімізге алдағы уақытта табыс, жаңа ғылыми жетістіктер және кәсіби өсу тілейміз!
Басқа жаңалықтар