- Басты бет
- ТДМ 15
- «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Университет түлегінің жұмысқа орналасуына және табысты мансап құруына әсер ететін факторлар»
«Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Университет түлегінің жұмысқа орналасуына және табысты мансап құруына әсер ететін факторлар»
2026 жылдың 12 қарашасында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Итжанова Назым Байгазиевна мен Ахметжанова Айнаш Ильясовна «Цифрлық архив» және «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» мамандықтарының 1-курс студенттерімен «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Университет түлегінің жұмысқа орналасуына және табысты мансап құруына әсер ететін факторлар» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 8-мақсаты — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында ұйымдастырылды.
Сабақ барысында студенттер жұмысқа орналасу және жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби қалыптасуы мәселелеріне арналған баяндамалар мен презентациялар дайындады. Студенттердің баяндамалары мен презентацияларында «Еңбек нарығындағы түлек: дипломнан кәсіби құндылыққа дейін», «Лайықты жұмыс мүмкіндіктерден басталады», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Лайықты жұмыс өзгерістерге дайын болудан басталады» және басқа да тақырыптар қамтылды.

Сабақта қазіргі еңбек нарығының талаптарына ерекше назар аударылды. Бүгінде жұмыс берушілерді түлектің қай университетте білім алғаны ғана емес, оның қандай кәсіби құзыреттерге ие екендігі және қандай практикалық міндеттерді шеше алатыны қызықтырады. Жас маман үшін лайықты еңбек дегеніміз — нәтижелі жұмыс, әділ еңбекақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары, әлеуметтік қорғау және кәсіби даму мүмкіндіктері.
Талқылау барысында студенттер табысты жұмысқа орналасу кез келген бос жұмыс орнын таңдаумен шектелмейтінін, керісінше, кәсіби тұрғыдан дамуға, дағдыларын жетілдіруге және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін саналы кәсіби бағытты таңдаудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғады және оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. Талқылау мазмұнды, қызықты әрі танымдық сипатта өтті. Сабақты қорытындылай келе, табысты мансап құру диплом алғаннан кейінгі кездейсоқ сәттілік емес, керісінше, таңдалған кәсіби саладағы жүйелі, саналы және мақсатты еңбектің нәтижесі екендігін атап өтуге болады.
Өткізілген сабақ нәтижесінде тарих факультетінің студенттері өздерінің салыстырмалы түрде жаңа мамандықтары туралы толыққанды түсінік қалыптастырып, кәсіби салаға қатысты өзекті терминдермен және қазіргі еңбек нарығының талаптарымен танысты. Алынған білім олардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, мансаптық бағдарларын қалыптастыруға, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу және кәсіби даму мүмкіндіктерін түсінуге ықпал етті.
Басқа жаңалықтар