- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті
13 қараша 2026
11 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, генерал-майор Нұржан Нығметұлы Исмагуловпен алқалы жиын ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылары мен білім алушы жастары арнайы қатысып, белсенділік танытты.
Кездесу барысында спикерлер келесідей негізгі мәселелерді ортаға салды:
• Нұржан Нығметұлы Исмагулов қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті бағыттарын саралап, бұл саладағы жас мамандардың стратегиялық маңызына тоқталды.
• Абылай Сейілұлы Мирзаханов (Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы) департаментке жұмысқа қабылдау шарттарын түсіндіріп, микробіліктілік бағдарламаларының артықшылықтарымен бөлісті.
• Қуаныш Талғатұлы Түрікбен (департамент тергеушісі, факультет түлегі) өзінің еңбек жолын қалай бастағаны туралы тәжірибесін айтып, студенттерге бағыт-бағдар берді.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, студенттер өндірістік тәжірибеден өту және болашақта қызметке орналасу төңірегіндегі сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Басқа жаңалықтар
13 қараша 2026
13 қараша 2026