ҚазҰУ базасында Кореяның цифрлық кітапханасын ашу ұсынылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Korea Foundation президенті Сон Гуидо бастаған делегацияны қабылдады.
Korea Foundation – Кореяның халықаралық аренадағы беделін арттыруға және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған жетекші ұйымдарының бірі. Қор шетелдік білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтарына қолдау көрсетіп, корей тілін меңгерген білікті мамандар даярлауға және халықаралық сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға көңіл бөледі.

Кездесуде тараптар серіктестікті арттыру мәселесін және алдағы уақытта іске асыратын ортақ жобаларды талқылады.
Жансейіт Түймебаев делегация мүшелеріне ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру бағытындағы жетістіктерін таныстырып, университеттің даму жоспарымен бөлісті.

ЖОО басшысы өз сөзінде Korea Foundation қорымен бірлесіп ҚазҰУ базасында Кореяның цифрлық кітапханасын ашу жөнінде ұсынысын білдірді. Ректордың айтуынша, бұл бастама корей халқының мәдени, тарихи және ғылыми мұрасын кеңінен танытуға, студенттер мензерттеушілердің корей тіліндегі академиялық ресурстарға қолжетімділігін арттыруға жол ашады.

Өз кезегінде қорпрезиденті Сон Гуидо ҚазҰУ-мен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізіп, оқу ордасының басшысы ұсынған бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар