«ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ» — ҚазҰУ

«ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ»

13 қараша 2026
«ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ»

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Амантай Т.Қ. және Еңсебай Г.Е. «Филология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен Біріккен Ұлттар Ұйымының № 8 Тұрақты даму мақсатына (ТДМ 8) — «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбына арналған тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында студенттер ТДМ 8-дің негізгі міндеттерімен танысып, лайықты еңбек жағдайларының, жастарды жұмыспен қамтудың, кәсіби дамудың және экономикалық өсудің қоғамның тұрақты дамуындағы маңызын талқылады.

Сонымен қатар болашақ мамандықты таңдау, кәсіби құзыреттілікті арттыру, жеке қасиеттерді дамыту және еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында студенттер өздерінің кәсіби болашағы, сапалы білім алудың маңызы және жастардың ел экономикасын дамытудағы рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара студенттердің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары туралы білімдерін кеңейтуге, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және лайықты еңбектің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.