Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің докторанты, Назарбаев Университеті Ұлттық зертханасының (National Laboratory Astana) ғылыми қызметкері Айым Қайырлықызы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Web of Science халықаралық деректер базасы бойынша медицина ғылымдары саласындағы ең көп дәйексөз келтірілген жас ғалым марапатына ие болды. — ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің докторанты, Назарбаев Университеті Ұлттық зертханасының (National Laboratory Astana) ғылыми қызметкері Айым Қайырлықызы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Web of Science халықаралық деректер базасы бойынша медицина ғылымдары саласындағы ең көп дәйексөз келтірілген жас ғалым марапатына ие болды.

13 қараша 2026

. Айым Қайырлықызы — эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау саласының зерттеушісі. Ол АҚШ-тағы Питтсбург университетінде қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесін алған. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты — Альцгеймер ауруының даму механизмдерін және деменцияның қауіп факторларын зерттеу. Ол ғылыми командасымен бірге Қазақстан халқы арасында Альцгеймер ауруының генетикалық, иммунологиялық, метаболикалық және микробиологиялық ерекшеліктерін зерттеп келеді. Зерттеу нәтижелері Scientific Reports, BMC Genomics, International Journal of Geriatric Psychiatry, International Journal of Alzheimer’s Disease және Pathogens сияқты халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған. Сонымен қатар, Айым Қайырлықызы 2021 және 2025 жылдары Alzheimer’s Association халықаралық ұйымының Conference Travel Fellowship грантын екі мәрте иеленген. Бұл грант халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуға және зерттеу нәтижелерін әлемдік ғылыми қауымдастыққа таныстыруға қолдау көрсету мақсатында беріледі. Ұлттық ғылым академиясының марапаты зерттеушінің ғылыми еңбектерінің халықаралық ғылыми қауымдастықтағы танылуы мен ықпалын көрсетеді.