Бекмаханов туралы фильм

5 қараша, 2016

 ҚазҰУ-дың О. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Almaty youth awards» және «Отандық кино күні» жобаларының аясында «Аманат» фильмі студенттердің назарына ұсынылды.

Фильм Кенесары Қасымовтың қолбасшылығымен болған ең ірі, әрі ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтеріліс кезінде XIX ғасырдың ең ауыр жылдарында репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың драмалық тағдыры көрерменнің жүрегін тебірентті.   

Фильмнің сценарисі мен режиссері Сатыбалды Нарымбетов Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихының мәселелерін зерттеген ұлы ғалым туралы картинасын көрсетті. Шығармашылық кеш ретінде өткен іс-шараға «Аманат» фильмінің түсіру тобы, басты кейіпкерлері және «Киноклуб» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, белгілі кино сыншы Олег Борецкий көрермен студенттерге фильмнің түсірілуі туралы әңгімелеп, олардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Қазақстанда жасалған үздік фильмдерді университет қабырғасында студенттерге көрсетіп талқылау шарасы үлгілі дәстүрлердің біріне айналды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті мен «Қазақфильм» киностудиясының бірлесіп жасаған жобасы отандық кино өнімдерін насихаттауға және жастарды кино өнеріне тартуға бағытталған.