БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: JOS ҚАРЖЫ ЛИЦЕЙІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ — ҚазҰУ

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: JOS ҚАРЖЫ ЛИЦЕЙІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

13 қараша 2026
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒДАР: JOS ҚАРЖЫ ЛИЦЕЙІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Механика-математика факультетінің Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі С.Е. Касенов JOS қаржы лицейінің 7–11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға Механика-математика факультетінің тарихы, ғылыми әлеуеті, білім беру бағдарламалары және университеттің мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Атап айтқанда, «Математика» (6B05402), «Есептеу ғылымдары және статистика» (6B05404), «Актуарлық математика» (6B05401) білім беру бағдарламалары таныстырылып, олардың ерекшеліктері мен болашақтағы кәсіби мүмкіндіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар жасанды интеллект, деректер ғылымы (Data Science), машиналық оқыту, бағдарламалау және математикалық модельдеу сияқты заманауи бағыттардың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Оқушылар университеттегі студенттік өмір, халықаралық академиялық мүмкіндіктер, қос диплом бағдарламалары және оқуға түсу талаптары жөнінде де мәлімет алды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың ғылым мен білімге қызығушылығын арттыру, болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектесу және жоғары білім алуға деген ынтасын қалыптастыру.

✨ Болашақ мамандықты таңдау – жарқын болашаққа бастар алғашқы қадам!

 

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының келесі бағыттарына сәйкес келеді:

- ТДМ 4 – Сапалы білім беру: сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктерін насихаттау және оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

- ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу: жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және болашақ еңбек нарығына дайындалуына ықпал ету.

- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: заманауи технологиялар мен инновациялық ғылыми бағыттарды таныстыру.