ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы мен Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы cізді Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілетін «Қазақстанның жаһандық өзара іс-қимылының қазіргі форматына ықпал етудің геосаяси және геоэкономикалық контурлары» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.
Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесі жаһандық күштер тепе-теңдігінің өзгеруінен, геосаяси бәсекелестіктің күшеюінен, әлемдік экономиканың бөлшектенуінен және саяси және экономикалық ықпалдың жаңа орталықтарының қалыптасуынан туындаған терең құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіруде.
Бұл үдерістер Қазақстан Республикасы үшін жаңа сын-қатерлер туғызады, бірақ сонымен бірге халықаралық ұстанымды нығайтуға, сыртқы саясаттағы маневр мүмкіндігін кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты әртараптандыруға жол ашады.
Халықаралық дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының трансформациясының теориялық және қолданбалы аспектілерін талқылау, туындап отырған сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау, сондай-ақ жаһандық белгісіздік жағдайында ұлттық мүдделерді қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін іздестіру.
Дөңгелек үстелге шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысады.
Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 18 қараша, 11:00–14:00
Өткізу форматы: гибридті (офлайн / онлайн)
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті, №226 конференц-зал, мекенжайы: Алматы қ., Қарасай батыр к-сі, 95А.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы
ZOOM сілтемесі қатысушыларға жіберіледі.
Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдің үйлестірушісіне хабарласуға болады: Мырзахметова Аида Меңлібаевна.