- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 3 аясында вакциналар мен иммунодиагностикаға арналған антигендерді алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 3 аясында вакциналар мен иммунодиагностикаға арналған антигендерді алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің биотхнология кафедрасында «Микроорганизмдерді өсіру және олардан вакциналар мен иммунодиагностикалық тест-жүйелерге арналған антигендерді алу әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ТДМ 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның серіктесі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті болды. Шақырылған сарапшы ретінде А.А. Шортанбаев атындағы жалпы иммунология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Нурмуханбетова Алия Адилсариевна қатысты.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар:
микроорганизмдерді өсіру және антигендік материал алу қағидаттарын;
антигендердің биологиялық қасиеттерін сақтай отырып, оларды бөліп алу және тазарту әдістерін;
антигендердің тазалығына, арнайылығына және тұрақтылығына қойылатын талаптарды;
вакциналар мен иммунодиагностикалық тест-жүйелерді әзірлеуде антигендерді қолдану мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында вакциналарды әзірлеу және қолдану мәселелері бойынша белсенді пікірталас өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, пікір алмасты және медициналық биотехнологияның практикалық аспектілерін талқылады. Шақырылған сарапшы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, антигендерді алу мен қолданудың ғылыми негіздерін түсіндірді.
Кездесу студенттердің жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды диагностикалау жөніндегі кәсіби білімін кеңейтуге, сондай-ақ университеттер арасындағы ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Акмуханова Н.Р. б.ғ.к., профессор м.а.
Кирбаева Д.К. б.ғ.к., доцент
Садвакасова А.К.- б.ғ.к., профессор
Сарсекеева Ф.К.-PhD, доцент
Болатхан К.- PhD, профессор м.а.

Басқа жаңалықтар