ҚАЗҰУ МЕН «СИРИУС» УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ — ҚазҰУ

ҚАЗҰУ МЕН «СИРИУС» УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

13 қараша 2026
ҚАЗҰУ МЕН «СИРИУС» УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері «Сириус» ғылым және технология университетімен академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған кездесуге қатысты.

🔹 ҚазҰУ атынан кездесуге:

* Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Галеева Алина Кулбаевна;
* Механика-математика факультетінің деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Мансурова Мадина Есимхановна;
* Механика-математика факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, PhD, ассистент-профессор Ахметова Балжан Ибрагимқызы қатысты.

🤝 Кездесу барысында тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және біліктілікті арттыру мәселелерін талқылады.

🚀 Кездесудің маңызды бағыттарының бірі – «Ұшқышсыз көлік жүйелері» білім беру трегін қамтитын «Математикалық робототехника және жасанды интеллект» қос дипломды магистрлік бағдарламасын бірлесіп әзірлеу мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар жасанды интеллект, робототехника және интеллектуалды көлік жүйелері салаларында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, халықаралық олимпиадалар мен жобалық іс-шаралар ұйымдастыру, магистранттар мен докторанттарды бірлесіп даярлау перспективалары қарастырылды.

✅ Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және ұсынылған бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру мүмкіндіктерін пысықтауға дайын екендерін білдірді.

🌍 Бұл кездесу халықаралық академиялық серіктестікті кеңейтуге, инновациялық білім беру бағдарламаларын дамытуға және ғылым мен технология саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

🎯 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ):

ТДМ 4 – Сапалы білім беру

ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым

ТДМ 17 – Тұрақты даму жолындағы әріптестік