- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Цифрлық сауаттылық және медиа-мәдениет: интернетте қауіпсіз, академиялық адал және этикалық мінез-құлық дағдыларын дамыту»
«Цифрлық сауаттылық және медиа-мәдениет: интернетте қауіпсіз, академиялық адал және этикалық мінез-құлық дағдыларын дамыту»
2026 жылғы 20 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» және «6B02315 – Шетел филологиясы: француз тілі» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері эдвайзер М.Ж. Акишевтің ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық және медиа-мәдениет» тақырыбындағы тренинг пен медиа-челленджге қатысты. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 9-бағыты – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және 16-бағыты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» мақсаттарын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің цифрлық ортада қауіпсіз, жауапты және этикалық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оқу және ғылыми қызметте академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәдениетін нығайту. Студенттер интернет-кеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік ережелерін, кибергигиена негіздерін және жасанды интеллект құралдарын білім беру процесінде этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану мәселелерін қарастырды.
Тренинг барысында студенттер цифрлық этикет, авторлық құқықты қорғау, плагиаттың алдын алу жәнеақпарат көздерінің шынайылығын тексеру (фактчекинг) бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады. Іс-шараның екінші бөлімінде ұйымдастырылған медиа-челлендж аясында білім алушылар шағын топтарғабөлініп, цифрлық сауаттылық пен академиялық адалдықты насихаттайтын креативті медиа-жобалар менақпараттық постерлер әзірлеп, өз идеяларын қорғады.
Аталған іс-шара студенттердің сыни ойлау, медиа-ақпараттық сауаттылық, топтық жұмыс және жауаптыазаматтық ұстаным дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара соңында студенттер цифрлық кеңістіктегіқауіпсіздік пен академиялық адалдықтың заманауи маман қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Эдвайзер: Акишев М.Ж.
Басқа жаңалықтар