🏆 МЕХМАТ СТУДЕНТІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ! 🎉
🎓 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «6B07107 – Робототехника және мехатроника» білім беру бағдарламасының студенті Есен Елжас Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды! 🥇
🔬 Ғылыми жетекшісі – Ахметова Балжан Ибрагимқызы, PhD, механика кафедрасының ассистент-профессоры, механика-математика факультеті деканының орынбасары.
👏 Бұл жетістік – студенттің ғылыми ізденісі мен табанды еңбегінің, сондай-ақ ғылыми жетекшісінің кәсіби қолдауы мен бағыт-бағдарының нәтижесі.
✨ Есен Елжас пен ғылыми жетекшісі Балжан Ибрагимқызын айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да ғылыми жаңалықтар мен тың жобаларға жол ашылып, жетістіктеріңіз еселене берсін!
💙 Мехматтың мақтанышы – ғылымға құштар, білімді де талантты жастар!
🌍 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ):
🎯 ТДМ 4 – Сапалы білім
🎯 ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым

✍️ Автор: PhD, ассистент-профессор Б.И. Ахметова
Басқа жаңалықтар