- Басты бет
- Жаңалықтар
- BR24993222 ғылыми бағдарламасының нәтижелері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында таныстырылды
BR24993222 ғылыми бағдарламасының нәтижелері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында таныстырылды
2026 жылғы 13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Су хабы алаңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржылық қолдауымен 2024–2026 жылдары жүзеге асырылған BR24993222 «Тұрақты даму контекстінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағының табиғи-шаруашылық дамуы бойынша шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін құру» ғылыми бағдарламасының нәтижелерін таныстыру рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик А.К. Күрішбаев қатысты. Бағдарламаның негізгі ғылыми нәтижелері таныстырылып, тақырыптық карталар көрмесі ұйымдастырылды және әзірленген шешімдер қабылдауды қолдау жүйесінің (ШҚҚЖ) функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.
«Экология, туризм және жер қойнауын пайдалану» бағыты бойынша Narxoz University Әлеуметтік және қолданбалы ғылымдар мектебінің профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Эльмира Сартайқызы Борибай ғылыми баяндама жасады.

Баяндама Б.Х. Түсіповамен бірлесіп жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде дайындалды. Баяндамада Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық жағдайына, табиғи-ресурстық және туристік-рекреациялық әлеуетіне жүргізілген кешенді бағалау нәтижелері ұсынылды.
Зерттеу барысында экологиялық тұрғыдан теңгерімді табиғат пайдалануды қамтамасыз ету, туризмді тұрақты дамыту, табиғи капиталды сақтау және өңірдің табиғи-ресурстық әлеуетін ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алынған нәтижелер ғылыми және практикалық маңызға ие. Оларды аумақтық жоспарлауды жетілдіруде, өңірлік тұрақты даму стратегияларын әзірлеуде және Солтүстік Қазақстан облысының табиғи-шаруашылық жүйелерін басқару тиімділігін арттыруда пайдалануға болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өкілдерінің ғылыми бағдарлама нәтижелерін таныстыруға қатысуы пәнаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға және өңірлердің тұрақты дамуының өзекті міндеттерін шешуге үлес қосты.
Басқа жаңалықтар