- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ UNIVER.KZ ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТАҚЫРЫБЫНДА ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ ӨТТІ
ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНДА ҚЫСҚЫ ЕМТИХАН СЕССИЯСЫНА ДАЙЫНДЫҚ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ UNIVER.KZ ЖҮЙЕСІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТАҚЫРЫБЫНДА ЭДВАЙЗЕРЛІК САҒАТ ӨТТІ
2026 жылғы 23 қарашада сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің 554-аудиториясында «Қысқы емтихан сессиясына дайындық, Академиялық адалдық кодексін сақтау және Univer.kz жүйесін тиімді пайдалану» тақырыбында эдвайзерлік сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер Алмабекова Асель Мұратханқызы жүргізді. Кездесуге «6В02314 – Шетел филологиясы» (қытай тілі), «6В02301 – Шетел филологиясы» (шығыс тілдері) және «6В02302 – Аударма ісі» (шығыс тілдері) білім беру бағдарламаларының 1 және 2-курс студенттері қатысты. Іс-шараға барлығы 32 студент қатысты.
Эдвайзерлік сағаттың негізгі мақсаты – білім алушыларды қорытынды бақылауды ұйымдастыру тәртібімен, емтихан тапсыру ережелерімен және университеттің Академиялық адалдық кодексінің негізгі талаптарымен таныстыру, сондай-ақ Univer.kz ақпараттық жүйесін тиімді пайдалану арқылы студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында алдағы қысқы емтихан сессиясына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге қорытынды бақылаудан өту талаптары, емтихан кестесімен уақытылы танысу, оқу пәндері бойынша жүйелі дайындық жүргізу, ағымдағы және аралық бақылау нәтижелерін қадағалау қажеттігі түсіндірілді.
Эдвайзерлік сағаттың маңызды бағыттарының бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық адалдық кодексінің негізгі қағидаттарын талқылау болды. Эдвайзер білім беру үдерісіндегі адалдық, дербестік, жауапкершілік және академиялық этика нормаларын сақтау мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, емтихан барысында көшіруге, плагиатқа, рұқсат етілмеген қосымша материалдар мен техникалық құралдарды пайдалануға, сондай-ақ академиялық адалдық талаптарын бұзатын өзге де әрекеттерге жол берілмейтіні түсіндірілді.
Сонымен қатар қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі, емтихан кезіндегі студенттердің мінез-құлық ережелері, белгіленген регламентті сақтау және емтихан қабылдаушылардың талаптарын орындау мәселелері қарастырылды. Білім алушыларға емтиханға белгіленген уақытта келу, тапсырмаларды өз бетінше орындау және университеттің қорытынды бақылауға қатысты ішкі нормативтік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
Студенттердің академиялық жауапкершілігіне, емтихан өткізу тәртібі мен академиялық адалдық қағидаттарын бұзудың университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес туындауы мүмкін салдарына да ерекше назар аударылды.
Бірінші курс студенттері үшін Univer.kz ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктеріне арналған жеке ақпараттық бөлім ұйымдастырылды. Атап айтқанда, студенттің жеке кабинетін пайдалану, сабақ және емтихан кестелерімен танысу, ағымдағы және қорытынды бағаларды қадағалау, академиялық үлгерімді бақылау, сондай-ақ оқу үдерісіне қатысты қажетті ақпаратты алу жолдары түсіндірілді.
Эдвайзер А.М. Алмабекова Univer.kz ақпараттық жүйесін жүйелі пайдалану, академиялық тәртіпті сақтау және оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарау білім беру бағдарламасын табысты меңгерудің маңызды алғышарттары екенін атап өтті.
Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісіне, емтихан талаптарына және электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға қатысты сұрақтары талқыланып, тиісті түсіндірмелер берілді.
Іс-шара соңында білім алушыларға емтиханға өз бетінше дайындықты тиімді ұйымдастыру, оқу уақытын ұтымды жоспарлау, академиялық көрсеткіштерін тұрақты бақылау және туындаған мәселелер бойынша эдвайзер мен пән оқытушыларынан уақытылы кеңес алу ұсынылды.
Өткізілген эдвайзерлік сағат студенттердің қорытынды бақылау талаптары туралы хабардарлығын арттыруға, академиялық адалдық мәдениетін нығайтуға, оқу қызметін өз бетінше ұйымдастыру дағдыларын дамытуға және қысқы емтихан сессиясына сапалы дайындалуына ықпал етті.