- Басты бет
- Жаңалықтар
- BR24993222 ғылыми бағдарламасының нәтижелері Түркі әлемі туризмі бойынша VIII халықаралық конгресте таныстырылды
BR24993222 ғылыми бағдарламасының нәтижелері Түркі әлемі туризмі бойынша VIII халықаралық конгресте таныстырылды
2026 жылғы 25–27 қыркүйекте Түркия Республикасының Анкара қаласындағы Анкара Хаджи Байрам Вели университетінде Түркі әлемі туризмі бойынша VIII халықаралық конгресс (VIII Uluslararası Türk Dünyası Turizm Kongresi) өтті.

Конгресс жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті Э.С. Борибай қатысып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын BR24993222 ғылыми бағдарламасы аясында орындалған зерттеу нәтижелерін ұсынды.

«Тұрақты қалалық, табиғи және экологиялық туризм» (Sürdürülebilir Kent, Doğa ve Çevre Turizmi) секциясында «Assessment of the Tourist and Recreational Potential of the Imantau-Shalkar Resort Area for Sustainable Ecological Development of Tourism and Recreation» тақырыбындағы баяндама таныстырылды.

Зерттеу Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағының табиғи, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды ескере отырып, туристік-рекреациялық әлеуетін кешенді бағалауға арналған. Зерттеу нәтижелері экологиялық туризмді тұрақты дамытуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және аумақтық жоспарлауды жетілдіруге ғылыми негіз қалыптастыруға бағытталған.

Конгреске қатысу ғылыми нәтижелерді халықаралық деңгейде апробациялауға, академиялық байланыстарды кеңейтуге және тұрақты даму мен экологиялық туризм саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар