ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар Интерактивті челлендж «Мен өз еліммен мақтанамын» — ҚазҰУ

ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар Интерактивті челлендж «Мен өз еліммен мақтанамын»

16 қараша 2026
ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар   Интерактивті челлендж «Мен өз еліммен мақтанамын»

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыру. Міндеттері: * Қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылықты арттыру; * Белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға ықпал ету; * Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Қатысушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавриат бағдарламасының 1-курс студенттері: «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Химия», «Химиялық инженерия» мамандықтарының студенттері. Сонымен қатар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарынан, Тараз қаласындағы МТИИ-ден, ТМД елдерінің университеттерінен және алыс шетелдерден — Түркия, Италия, Чехия, Польша, Германия, Қытай және АҚШ университеттерінен шақырылған қонақтар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: 112 адам. Іс-шараны ұйымдастырушы: Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы З.С. Несіпбаева Платформа: MEET Өткізілген күні: 02.11.2026 ж. Іс-шараның барысы Іс-шара Қазақстан Республикасының желбіреген мемлекеттік туының сүйемелдеуімен «Ата Мекен» әнін орындаудан басталды. Қатысушылар еліміздің туы ірі ресми іс-шараларда және халықаралық спорттық жарыстарда көкке көтерілген сәтте әрбір қазақстандықтың жүрегін Отанымыз — Қазақстанға деген мақтаныш сезімі кернейтінін атап өтті. Студенттер Қазақстан Республикасы азаматының паспорты туралы баяндады: «Біздің паспорт әрбір адамға этникалық тегіне, діни көзқарасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты толық құқықтар мен міндеттер жиынтығын береді, қай жерде жүрсек те, әрдайым өз мемлекетіміздің қорғауында екенімізді сезіну. Қазақстан паспорты біздің бірлігіміз бен келісіміміздің негізі болып табылатын прогрессивті құндылықтардың символы». Отанға арналған өлеңдер қазақ және ағылшын тілдерінде оқылды. Студенттердің орындауындағы әндер мен билер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Тараз қаласының университет студенттері де өз сөздерін арнады. Олардың оқытушысы, PhD докторы Ж.К. Матжанова да сөз сөйледі. Сонымен қатар шетелде білім алып жүрген жастарымыз өздерінің оқуы туралы әңгімелеп, елге деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Қорытынды бөлімде аға оқытушы Е.И. Луговская сөз сөйлеп, іс-шараның қызықты сценарийін атап өтті. Сондай-ақ студенттердің өнер көрсетуіндегі терең мағынаға және ағылшын тілінде әдемі әрі сауатты сөйлеу шеберлігіне жоғары баға берді. Іс-шара қатысушылары мен қонақтарының пікірлері бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі интернет-сайттарда жарияланды.