«Зертханадағы қауіпсіздік ережелері және алғашқы көмек» тақырыбында семинар өткізілді — ҚазҰУ

«Зертханадағы қауіпсіздік ережелері және алғашқы көмек» тақырыбында семинар өткізілді

16 қараша 2026
«Зертханадағы қауіпсіздік ережелері және алғашқы көмек» тақырыбында семинар өткізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 1-курс студенттеріне арналған «Зертханадағы қауіпсіздік ережелері және алғашқы көмек» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.

Семинарды факультеттің жетекші мамандары Шингисова Р.Д. мен Сокол О.В. жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, химиялық заттармен және зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу барысында сақталуы тиіс талаптарды түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша білімдерін жетілдіру.

Семинар барысында мамандар зертханадағы жалпы қауіпсіздік талаптары, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану, химиялық реактивтермен жұмыс істеу тәртібі, өрт және басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, химиялық заттармен жұмыс кезінде абай болу, қауіпсіздік нұсқаулықтарын қатаң сақтау және күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл өз кезегінде болашақ химиктер мен химиялық технология мамандары үшін зертханалық қауіпсіздіктің маңыздылығын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Осындай танымдық әрі тәжірибелік маңызы зор семинарды ұйымдастырып, студенттермен өз тәжірибелерімен бөліскені үшін Шингисова Р.Д. мен Сокол О.В.-ға шынайы алғысымызды білдіреміз!

 

Факультеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары Жаксылыкова Г.Ж.