- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: ғылым, білім және инновация – ел дамуының стратегиялық негізі
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: ғылым, білім және инновация – ел дамуының стратегиялық негізі
Қазіргі кезеңде жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті – тек теориялық білімді меңгерген маман даярлау емес, сонымен қатар өз бетінше шешім қабылдай алатын, сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, ғылыми ізденіске бейім, еңбек нарығының талаптарына жауап бере алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын студенттер мен оқытушылар қауымымен талқылау мақсатында 11.11. 2026 жылы химия және химиялық технологиялар факультетінің 308 аудиториясында жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы оқытушылары Тугелбаева Л.М. мен Балғышева Б.Д. қатысуымен «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстан: ғылым, білім және инновация – ел дамуының стратегиялық негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге факультетіміздің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Гүлбану Жақсылыққызы қатысты. Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жоғары білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні аталып өтілді. Бұл ісшарада спикерлер өзінің қорытынды сөзін: «Заманауи университет – тек білім беретін мекеме емес, ол ғылым мен инновацияның, жаңа идеялар мен технологиялардың орталығы болуы тиіс. Бүгінгі университеттің басты жетістігі білім алушылар саны немесе берілген дипломдармен емес, елдің дамуына нақты үлес қоса алатын білікті мамандарды даярлауымен өлшенуі керек. Өйткені білімді ұрпақ – мемлекеттің стратегиялық байлығы, ал сапалы жоғары білім – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі!» - деп қорытындылады.

Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының
оқытушылары Тугелбаева Л.М., Балгышева Б.Д.