Рухани-адамгершілік тәрбие: «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы «Академиялық адалдық – сапалы білім кепілі» — ҚазҰУ

Рухани-адамгершілік тәрбие: «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы «Академиялық адалдық – сапалы білім кепілі»

17 қараша 2026
Рухани-адамгершілік тәрбие: «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы «Академиялық адалдық – сапалы білім кепілі»

2026 жылғы 13 қарашада Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасында «Жемқорлықтан ТЫС университет» жобасы аясында «Академиялық адалдық – сапалы білім кепілі» тақырыбында рухани-адамгершілік тәрбие бағытында іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау.

Іс-шара барысында академиялық адалдықтың сапалы білім берудегі маңызы, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ әрбір студенттің адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудағы жауапкершілігі талқыланды.

Кездесу барысында білім алушыларға академиялық адалдық нормаларын сақтау, өз еңбегін бағалау, білім алуда әділдік пен жауапкершілікті басшылыққа алу қажеттілігі түсіндірілді.

Іс-шараға БТ 26-11 Р, БТ 26-12 Р және БТ 26-13 Р топтарының білім алушылары қатысты.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының төмендегі бағыттарына сәйкес келеді:

  • 4-мақсат – Сапалы білім: академиялық адалдық қағидаттарын сақтау арқылы сапалы және әділ білім беру ортасын қалыптастыру.

  • 16-мақсат – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайту.

Іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға және тұрақты даму құндылықтарын насихаттауға бағытталды.

Академиялық адалдық – сапалы білімнің, жарқын болашақтың және әділетті қоғамның негізі. Адал білім алып, адал еңбек ету – әрбір студенттің азаматтық ұстанымы болуы тиіс!

Ұйымдастырушы: ассистент-профессор, PhD Абдулжанова М.А.