Қазіргі зоология: ғылымнан индустрияға дейін — ҚазҰУ

Қазіргі зоология: ғылымнан индустрияға дейін

17 қараша 2026
Қазіргі зоология: ғылымнан индустрияға дейін

2026 жылғы 16 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде университет түлегі, «Зоология институты» РМК бас директоры, PhD Есжанов Айдын Бауыржанұлының көшбасшылық дәрісі өтті. Іс-шараны зоология, гистология және цитология кафедрасы ұйымдастырды.

Зерттеу мекемесінің өкілі факультеттің жас ғалымдары мен студенттерімен ашық әңгіме өткізді. Кездесу барысында мынадай тақырыптар қарастырылды:

  • институт зертханаларының қызметі, олардың жабдықталуы және коллекциялық материалдары; 

  • институттағы жас зерттеушілердің, соның ішінде ҚазҰУ түлектерінің мысалдары; 

  • Қазақстан мен Орталық Азиядағы зоология, экология және климат саласындағы заманауи зерттеу мәселелері мен олқылықтар; 

  • институт жұмысы аясында бастаушы мамандарға арналған мүмкіндіктер, соның ішінде зерттеу, коммерцияландыру және өндіріс тақырыптары; 

  • зоологтарға арналған өзекті мансаптық жолдар; 

  • заманауи маманға қажетті дағдылар, соның ішінде пәнаралық дағдылар. 

Іс-шараға факультеттің бакалаврлары, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары, сондай-ақ институт қызметкерлері қатысты.

Кездесу студенттер мен жас ғалымдарға Қазақстандағы зоология ғылымының қазіргі жай-күйі туралы түсінік алуға, зерттеудің перспективалы бағыттарымен танысуға және өзіндік кәсіби траекторияларын айқындауға мүмкіндік берді.

Айдын Бауыржанұлына бөлген уақыты үшін алғыс білдіреміз!

 

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:

ТДМ 4 «Сапалы білім»

ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін қорғау»

ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесі үшін серіктестік»