Венгриядағы революцияға 60 жыл

7 қараша, 2016

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2016 жылдың 15  қарашасында «Венгриядағы революцияға 60 жыл» толуына орай Венгрияның Алматыдағы Бас  консулдығымен біріккен  тарихи  шара  ұйымдастырады.

Азаттық жолындағы күрестер кез-келген елдің тағдырында ерекше мәнге ие. Дәл кезінде жеңіліс тапқанмен, уақыт өте келе шынайы тарихи бағасын алған сондай күрестердің бірі -  Венгриядағы  1956 жылғы азаттық жолындағы күрес.  

Аталған шара тек 1989 жылы ғана ақталған бұл күреске 60 жыл, қазақтардың 1916 жылғы көтерілісіне 100 жыл, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толуына орай тағдырлас халықтар тарихы туралы ортақ мінбеден  пікіралмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

1956 жылы 23 қазан да басталып, 8 қарашада талқандалған  демократиялық даму мен тоталитарим арасындағы күрес нәтижесінде 2652 венгр көтерілісшілері, 348 бейбіт тұрғындар қайтыс болып, 19226 адам жараланған болатын. Социалистік Венргия тарихында толқу «контрреволюциялық» деп бағаланды.

Тарихи оқиғаның тарихи бағасы  1989 жылдан кейін ғана береліп, бүгінде азаттық жолындағы күрес ретінде әділ бағасын алып отыр.

Шара аясында:

-                   «Играем спокойно» атты венгр фильмінің көрсетілімі;

-                  профессор Миклош Кун мырзаның 1956 жылғы Венгриядағы революция туралы баяндамасын тыңдау;

-                  Қазақстандық ЖОО тарихшы мамандары мен студенттер арасында  Дөңгелек стол жұмысы жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Венгрияның Алматыдағы Бас консулдығы.

Өткізілетін уақыты мен орны:

Ректораттың 15 қабатында, 15 қараша  2016 жыл, сағат 11.00 басталады.

Дөңгелек стол жұмысына Венгр тарихшысы Миклош Кун және Қазақстанның ЖОО қызметкерлері, ҚазҰУ-нің ғалымдары мен ұстаздары қатысады.

Жұмыс тілі: орыс