Жастар ресурстық орталығының жұмыс барысымен танысу мақсатында Алматы қаласы бойынша жастар ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті. Кездесуге жастардың жан-жақты дамуына ықпал етіп жүрген келесідей ірі ұйымдар қатысты: «Жас Отан» ЖҚ, «Жасыл Ел», «Болашақ» қауымдастығының Алматы қалалық бөлімшесі, «Жарасым», «Funky Town» би жобасы, Алматы дебат орталығы, «Жайдарман» Алматы бөлімшесі, КТК ашық лигасы, «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы және «Жігер» мүмкіндігі шектеулі жандардың жастар ұйымы, т.б.
Алғашқы сөзді Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Елнұр Сабыржанұлы жастармен жұмыс барысы, алдағы бірлесіп атқаратын шаралармен бастаса, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры директоры Алма Құрмановна Жастар ресурстық орталығының жұмыс жоспары мен көрсетілетін психологиялық және құқықтық қызметтерді таныстырды. Шараға қатысушы көшбасшылар өз ұйымдарын таныстыра отырып, сұрақ-жауаптармен алмасты.
Бүгінгі кездесу жастар ұйымдарының болашақтағы сенімді серіктестігінің алғашқы баспалдағы болды деп сенеміз.
Сандуғаш Сандыбаева