Беисова Айнагуль Айдарбековна — ҚазҰУ
Беисова Айнагуль Айдарбековна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8D10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Беисова Айнагуль Айдарбековнаның «Бремя диабета в Республике Казахстан» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

 

         Ресми рецензенттер:

  1. Құмар Айнұр Бақдәулетқызы – PhD, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің денсаулық сақтау саясаты және менеджменті кафедрасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан).

    Мамандығы: 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

  2. Ларюшина Елена Михайловна – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, «Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Ішкі аурулар және кәсіптік патология кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды, Қазақстан). 

           Мамандығы: 14.00.05 – «Ішкі аурулар».

 

        Ғылыми кеңесшілер:

  1. Камхен Виталий Брониславович – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан).
  2. Нобору Такамура (Noboru Takamura) – MD,PhD, Нагасаки университетінің профессоры (Жапония).

 

       Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Арингазина Алтын Муафиққызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, нысаналы қаржыландыру бағдарламасы (НҚБ) жобасының ғылыми жетекшісі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшысы, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС (Алматы, Қазақстан).

2. Ульянова Ольга Владимировна – медицина ғылымдарының кандидаты, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ эндокринолог дәрігері (Астана, Қазақстан).

3. Молдобаева Мария Сатаровна – медицина ғылымдарының докторы, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының кәсіптік патология курсы бар ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессоры (Бішкек, Қырғызстан).

 

      Қорғау 2026 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы мына мамандықтар мен білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді: 8D10101 және 6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау, 8D10102 және 6D110100 – Медицина, 8D10104 және 6D110400 – Фармация, 8D10103 – Мейіргер ісі. Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасы, 303-кабинет.

 

Zoom конференциясына қосылу:      

https://zoom.us/j/99542073859?pwd=QtkPLGAGWf8ay4ebe6LBLVzTFhUth8.1

Конференция идентификаторы: 995 4207 3859

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы