Шанбаева Арайлым Нурдыгуловна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02204 – Исламтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шанбаева Арайлым Нурдыгуловнаның «Алматы қаласындағы мешіттер жанындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу курстарының тиімділігі: мониторинг және талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Затов Кайрат Айтбекович – философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры. Мамандығы: 24.00.01 – Мәдениет теориясы мен тарихы (Алматы қ., Қазақстан);
- Бектенова Мадина Кенесарыевна – философия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасы доцентінің м.а. Мамандығы: 6D020600 – Дінтану (Астана қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілер:
- Кантарбаева Жанна Уринбасаровна – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
- Джон Махони – философия докторы (PhD), Канзас мемлекеттік университетінің профессоры (Канзас қ., АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Сейтахметова Наталья Львовна – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
2. Абжалов Султанмурат Утешович – философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультетінің деканы (Түркістан қ., Қазақстан);
3. Дуйсенбаева Альбина Курахбаевна – философия докторы (PhD), «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия», «8D02201 – Саяси философия» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97217110984?pwd=dPTU2ZLseeMhKcFNyfnULLcozPMLRb.1
Конференция идентификаторы: 972 1711 0984
Басқа жаңалықтар