Тиімді коммуникация жолдары отырыс өтті

18 наурыз, 2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасы ұйымдастырған, «Қазақ газеттері» ЖАҚ-ның құрылғанына 10 жыл толуына арналған «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты Халықаралық ғылыми-практиалық конференцияда отандық БАҚ нарығының көкейтесті проблемалары талқыланды.

Еліміздің белді ақпараттық-насихаттық құрылымдарының бірі – «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіптік мерекесіне орай өткізіліп отырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан БАҚ-тарындағы менеджмент және маркетинг: басымдықтар мен перспективалар атты өте актуальды тақырыпқа арналған. Конференция факультет деканы Ғ.Ж. Ыбраева мен ЖАҚ «Қазақ газеттері» қоғамынының президенті Ж.О. Кенжалин ашты. Қазақстан өзінің серпінді дамуы барысында өркендеудің жаңа сатысы-ақпараттық кезеңге аяқ басуда. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда идеология саласындағы ақпараттық байланыстарды тиімді басқару маңызды орын алып отыр. Сондықтан да мемлекетімізде ақпараттық қоғамды айқындайтын әлеуметтік-мәдени үрдістер: ақпараттық мәдениет, ақпараттық экономика, ақпараттық саясат және ақпараттық менеджмент пен маркетинг сорабы осы бастан қалана бастауға тиіс.

Сөйтіп, осы мерзім ішінде «Қазақстандағы PR мен БАҚ» атты мақалалар жинағының бесінші шығарылымы жарық көрді, әдістемелік құралдар жасалды, 2002 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жұртшылықпен байланыс: әдістеме, актуалды проблемалар мен қазақстандық тәжірибе» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. 2009 жылы ҚазҰУ журналистика факультеті «Қазақстандағы жұртшылықпен байланыс: теория және прктика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияда саланың түйінді мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, білікті БАҚ менеджерлері студенттерге арнап шеберлік сыныптарын өткізді. Олардың ішінде: Жұмабек Кенжалин, ЖШС «Қазақ газеттері» бас директоры; Уәли Қыдыр, ЖШС «Қазақ газеттері» бас директорының орынбасары; Сейдахмет Құттықадам, «Мысль» журналының бас редакторы; Николай Гора, «Мысль» журналының бас редакторының орынбасары; Түменбай Қуандық, «Үркер» журналы бас редакторы; Сарсек Жарас, «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары; Юлдаш Азаматов, «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы; Ахас Тажутов, «Экономика» газетінің бас редакторы; Амангелді Шопан, «Экономика» газетінің бас редакторының орынбасары; Самат Ыбырайым, «Ана тілі» газетінің бас редакторы; Байтілес Ержан, «Ана тілі» газетінің бас редакторының орынбасары; Мұхит Салқымбай, «Ақиқат» журналының бас редакторы; Ораз Қауғабай, «Ақиқат» журналының бөлім редакторы.

Конференцияның қорытындысы бойынша тәжірибелік ұсыныстар қабылданды.