«Құнды жұмыс және экономикалық өсім. Университет түлектерінің жұмыспен қамтылуына және табысты карьерасына әсер ететін факторлар» — ҚазҰУ

«Құнды жұмыс және экономикалық өсім. Университет түлектерінің жұмыспен қамтылуына және табысты карьерасына әсер ететін факторлар»

20 қараша 2026
«Құнды жұмыс және экономикалық өсім. Университет түлектерінің жұмыспен қамтылуына және табысты карьерасына әсер ететін факторлар»

Тұрақты даму мақсаттарының 8-ншы бағыты аясында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Кикбаева Айнур Теміржанқызы «Психология» мамандығының 1-курс студенттерімен «Құнды жұмыс және экономикалық өсу. Жұмысқа орналасуға және университет бітірушілердің табысты мансабына әсер ететін факторлар» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты студенттерге заманауи еңбек нарығы, болашақ мамандық үшін кәсіби сапалар және университет түлегіне табысты жұмысқа орналасуға және карьера құруға көмектесетін факторлар туралы түсінік қалыптастыру болды.

Студенттер жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша баяндамалар, ойындар және презентациялар дайындады. Олар лайықты еңбектің мәні, қазіргі жұмыс берушілердің талаптары, кәсіби білім мен тәжірибенің рөлі, сондай-ақ жас мамандардың мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. 

Алынған білімі бекіту үшін «Табысты маманды жина», «Кәсіпті тап», «Армандағы сұхбат» және «Дағдылар аукционы» сияқты ойындар ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар тек теориялық білім мен диплом ғана емес, сонымен бірге тағылымдама, практикалық тәжірибе, қарым-қатынас дағдылары мен алған білімді іс жүзінде қолдану маңызды екенін түсінді. 

Сабақ қызықты әрі танымды өтті. Студенттер барлық тапсырмаларға белсенді қатысты, бастамашыл болды, командалық жұмыс пен өз пікірін дәлелдеуді көрсетті.

Шара соңында қатысушылар университет түлектерінің табысты мансабы тек алған біліміне ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттеріне, кәсіби дағдыларына, тәжірибесіне және өзін-өзі дамытуға деген талпынысына да байланысты екендігіне келді.