ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФАКУЛЬТЕТТІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ — ҚазҰУ

ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФАКУЛЬТЕТТІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

20 қараша 2026
ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФАКУЛЬТЕТТІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында факультет деңгейінде «Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және әділетті қоғам құрудағы білім беру мен ғылым саласының рөлін талқылау.

Дөңгелек үстел барысында заң мен тәртіптің қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және әлеуметтік әділеттілікті орнықтырудағы маңызы жан-жақты қарастырылды. Кездесуде заң талаптарын сақтау тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, әрбір азаматтың саналы ұстанымы мен күнделікті өмірдегі жауапкершілігінің көрінісі екені атап өтілді. 

Талқылауға ассистент-профессор    Байтукаева Дана Умирбековна халықаралық қатынастар факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, Философия докторы PhD Канафьева Шынар Ерлановна шығыстану факультетінің  әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, қауымдастырылған профессоры (доцент) Әділбек Енмекбаев «Аймақтық қатынастарды талдау» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары, деканның орынбасары, ассистент-профессор  Халел Агнур  Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедра меңгерушісі, профессор Дулаева Эльнара Зильпикаровна кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, ассистент-профессор    Мейрам Сейсенбайұлы Сарыбаев, кафедраның PhD докторы, аға оқытушысы  Ілияс Нұрат Құлымбетұлы және түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедра шетел филологиясы мамандығының  1-курс докторанты  Бердибеков Айдос  Шараппатбекович және қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара дәстүрлі баяндамалармен шектелмей, интерактивті сұрақ-жауап, ашық пікірталас және дебат форматында өтті. Қатысушыларға заң мен әділеттіліктің арақатынасы, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы азаматтық жауапкершілік, заң алдындағы теңдік, қоғамдық тәртіп және академиялық адалдық мәселелері бойынша өзекті сұрақтар қойылды. Әрбір сұрақ төңірегінде қатысушылар өз ұстанымдарын білдіріп, түрлі көзқарастарды салыстыра отырып, дәлелді пікірлер мен тұжырымдар ұсынды.

Әсіресе, «Заңды нәрсенің барлығы әділетті ме?», «Әділетті қоғамды қалыптастыруда мемлекеттің рөлі басым ба, әлде азаматтық жауапкершіліктің маңызы зор ма?», «Құқықтық мәдениет университет қабырғасынан бастала ма?» деген мазмұндағы пікірталас сұрақтары қызу талқыланды. Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желілердің ықпалы, ақпараттық жауапкершілік, ғылыми этика және университет ортасындағы әділеттілік қағидаттары жөнінде дебат өрбіді.

Талқылау барысында университеттің тек кәсіби білім мен ғылыми ізденіс ортасы ғана емес, сонымен қатар құқықтық мәдениеті жоғары, жауапты әрі саналы азаматтарды тәрбиелейтін маңызды қоғамдық институт екені ерекше атап өтілді. Докторанттар мен оқытушылар арасындағы мазмұнды пікір алмасу заң мен тәртіп қағидаттарын ғылыми, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан зерделеуге мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау, академиялық адалдық пен азаматтық жауапкершілікті нығайту – әділетті және өркениетті қоғам қалыптастырудың басты алғышарттары деген ортақ тұжырымға келді.

 

 

Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедра меңгерушісі:

ассистент-профессор  Халел Агнур