Сағынбай Әсел Ғалымжанқызы — ҚазҰУ
Сағынбай Әсел Ғалымжанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сағынбай Әсел Ғалымжанқызының «Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау саясатының ұзақ мерзімді әсерлері: статистикалық-эконометрикалық талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті КеАҚ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Кадырова Акмарал Сатбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, «Экономика және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Тараз қ., Қазақстан).

2. Орынбет Перизат –PhD, «Тұран» университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Даулиева Галия Рахметовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Экономика» кафедрасының профессор-зерттеушісі (Алматы қ., Қазақстан).

2. Эва Ролник-Садовска (Ewa Rollnik-Sadowska) – PhD, Белосток технологиялық университеті Инженерлік менеджмент факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары (Белосток қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Гумбатова Сугра –PhD, қауымдастырылған профессор, Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университеті (UNEC) «Экономика» кафедрасының меңгерушісі (Баку қ., Әзербайжан).

2. Бакирбекова Айгуль Макулбекқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Х.Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3. Хойч Айжан –PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың  22 желтоқсанында сағат 14:30-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D041– Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ЭжБЖМ, 201 аудитория.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92922303425?pwd=qDIVES3Z0VcZFg4RQd9HDd6l9xaSGt.1

Идентификатор: 929 2230 3425

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы