ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 1-курс магистранттары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында республикалық Орталық мұражайда болып қайтты.
Әсем ғимараттың залдарын аралап, еліміздің қалыптасу кезеңдері мен осы күнге дейінгі жеткен жетістіктеріне шолу жасап, құнды мағлұматтар алды. Музейдің әр залы көне тарихымыз бен жарқын болашағымыз жайлы сыр шертіп тұр. Әсіресе, Қазақстанның егемендік алған 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын баяндап тұрған төртінші зал оларды ерекше толғандырды. Еліміздің әр жеткен жетістігінде Елбасымыздың үлесі мол. Мұражайдағы көрмелер әр ізденушінің «еліміз бен Елбасының үмітін ақтайтын мықты маман болуға тиіспін» деген қағиданы ұстануына түрткі болады.
А. ИЛЕСОВА, 1-курс магистранты
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024