Мерекеев Айбек Айтоллаевич
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07302 – Геоинформатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мерекеев Айбек Айтоллаевичтың «Батыс Тянь-Шань аумағындағы мұздықтар мен белсенді тас глетчерлерді ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып зерттеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің картография және геоинформатика кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Берденов Жарас Галимжанович – PhD, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтының директоры. Мамандығы: «6D060900 – География» (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
2. Загинаев Виталий Викторович – техника ғылымдарының кандидаты, Орталық Азия университетінің Тау қауымдастықтарын зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. Мамандығы: «25.00.27 –Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия» (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
1. Нуракынов Серик Маратович – PhD, Ионосфера институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
2. Тобиас Болх – жаратылыстану ғылымдарының докторы, Грац техникалық университетінің Геодезия институтының профессоры (Грац қ., Австрия Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Молдахметов Марат Молдабекович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры (Тараз қ., Қазақстан Республикасы).
2. Махмудова Ляззат Камаловна – география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, География және су қауіпсіздігі институтының Экстремалды гидрологиялық құбылыстар зертханасының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
3. Дуулатов Элдияр Сапарбекович – PhD, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының М.М. Адышев атындағы Геология институтының География бөлімінің меңгерушісі (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Қорғау 2026 жылдың 23 желтоқсан күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/99195658746?pwd=iAdT17xDHskdFhBZX7tfMCXe5pNpgp.1
Конференция идентификаторы: 991 9565 8746
Басқа жаңалықтар