Емтихан сессиясының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді — ҚазҰУ

Емтихан сессиясының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

23 қараша 2026
Емтихан сессиясының ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттеріне 2026–2027 оқу жылының күзгі семестріндегі қорытынды бақылау және емтихан сессиясын өткізу ережелері түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстары әр академиялық топта жеке форматта ұйымдастырылып, кураторлар өз топтарының студенттерімен кездесті.

Кездесулердің негізгі мақсаты – студенттерді емтихан сессиясын өткізу тәртібімен таныстыру, қорытынды бақылауға қойылатын талаптарды түсіндіру және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау жауапкершілігін арттыру.

Кездесу барысында университеттің академиялық саясатына сәйкес емтихан сессиясын ұйымдастыру тәртібі, қорытынды бақылауға жіберілу талаптары, бағалау жүйесі және емтихан нәтижелерін рәсімдеу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар студенттерге:

* аралық бақылау нәтижелерінің қорытынды бағаға әсері;
* емтихан өткізу форматы мен тәртібі;
* қорытынды бағаны есептеу жүйесі;
* академиялық адалдық талаптарын сақтау;
* емтихан кезіндегі тәртіп ережелері;
* емтихан нәтижелеріне қатысты апелляция беру тәртібі түсіндірілді.

Кураторлар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, емтиханға дайындық барысында оқу материалдарын жүйелі меңгерудің, уақытты тиімді пайдаланудың және университеттің академиялық талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары студенттердің академиялық жауапкершілігін арттыруға, емтихан сессиясына саналы әрі жүйелі дайындалуына және қорытынды бақылаудың белгіленген талаптарға сәйкес өтуіне бағытталған.

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы
Исанбекова А.Т.