Күлкі деген қару емес, күлкі деген дәрумен!

10 қараша, 2016

"Алматы - жастар қаласы". Маусымашар - 2017

Күлкі деген қару емес, күлкі деген дәрумен!

"Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, ҚазҰУ студенттерін тағы бір қуанышқа бөледі. Бұл жолғысы - КВН. Маусымашар тақырыбы: "Алматы - жастар қаласы". Оңтүстік Астанада, студенттер сарайында, естен кетпес әзіл кеші өтті. ҚазҰУ-дағы 14 факультеттен 16 команда қатысып, үздіктері жартылай финалға жолдама алды. Мұнан бөлек, маусымашарда "ең үздік ойыншы", "ең үздік әзіл", "ең үздік жанкүйерді" анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Командалардың дайындығы, жанкүйер қолдауы ерекше болды. 

КВН ойындарының әділ қазылар алқасында ҚазҰУ қалашығының директоры Сейітжанов Ә.Ә.,  «Жас Отан» ЖҚ филиалының төрайымы Айдана Сыдықова, әнші Сиви Махмуди, актер Артур Төлепов,"Сенсация" КВН командасының ойыншысы, актер Ақайдаров Дәулетхан, жас актер, КВН ойыншысы Жақсыгенов Нұрсұлтан,  «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Мейрамбекқызы төрелік етті. Кеш қонақтары қатарында, Жанқош Тұраров, Марғұлан Тұрсынов, Абдусамат Арипов сынды белді тұлғалар болды.

Жартылай финалға жолдама алған командалар саны - 9. Олар: "Айналайын", "Мех - мат құрамасы", "Юрstyle", "Физтех құрамасы", 8 нота, "Класстастар", "Филология құрамасы", Әлем.kz, Био-С. Әр құраманың өз артықшылықтары бар. Бірі сахнаны сөйлете алса, ендігісі жанкүйерлермен керемет жұмыс жасай білді. Көрермен демекші, "ең үздік жанкүйер" аталымы - механика-математика факультетінің жанкүйерлеріне бұйырды. "Ең үздік әзіл" номинациясына - "Филфак құрамасы", "ең үздік ойыншы" атағына "Юрstyle" командасының мүшесі Балтабай Райхан ие болды.

Мұнымен КВН ойындары әлі біткен жоқ. Алда тартысқа толы жартылай финал. Кім әрі қарай финалға өтеді? Қай құрама демеушілердің бас айналдырарлық сыйлығына ие болады?Аталған  сұрақтардың жауабын алғыңыз келсе, ақпан айында өтетін жартылай финалға келіңіз! Студенттер сарайында күтеміз!

massaget.kz