Кандидаттар сапқа түзел!

11 қараша, 2016

Кандидаттар, сапқа түзел! 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министр генерал-полковнигі Сәкен Жасұзақовтың тапсырмасын орындау мақсатында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында студент-түлектерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу және әскери қызметтерін өткеру ережелері жөнінде үгіт-насихат жұмыстарының аптасы өткізілді.

Үгіт-насихат шарасы барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлері мен ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері басшылығының өкілдері дәріс оқып,  Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы жайында бейнефильмдер көрсетті, сондай-ақ, студенттердің сан түрлі сұрақтарына жауап берді.         Әскери кафедраның әскери заңгерлер циклының оқытушылары студенттерге әскери қызметтегілер мен олардың отбасы мүшелеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік пакеттің артықшылығы жөнінде түсіндірді.

Шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының екінші оқу жылындағы 545 студент қатысты.

Үгіт-насихат жұмысын қорыта келе, 100 аса студенттер баянат жазып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде  офицерлік лауазымда қызмет етуге тілек білдірді.

 

ҚазҰУ әскери кафедрасының бастығы, 

полковник Олег Әжімов