Ынтымақтастықтың жаңа қырлары
Философия және саясаттану факультеті Алматы облысының дін істері басқармасымен білім және ғылым саласында ынтымақтастықты кеңейту бойынша бір қатар мәселелерді талқылады.
Философия және саясаттану факультеті деканы Масалимова Алия және Алматы облысының дін істері басқармасының басышысы Есдаулетов Рахмет бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған келесі іс-шараларды өткізуге дайындығын білдірді: брифингтер, тренингтер, кездесулер, акциялар, дебаттар, спорттық іс-шаралар; ғылыми-методикалық семинарлар, ғылыми практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар және т.б. Факультет және Алматы облысының дін істері басқармасы дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша анықтамалық және әдістемелік нұсқаулықтар шығармақ.
Екі жақ жуық арада қайта кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ. Ынтымақтастық «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 Жарлығын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Есдаулетов Рахмет факультеттің сәтті нәтижелі жұмысын ескере отырып, философия және саясаттану факультеті деканы А.Р. Масалимоваға, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Б.Б.Мейрбаевқа, профессор А.Д.Құрманалиеваға, әл-Фараби атындаығ ҚазҰУ-нің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамына алғыс хаттар тапсырды.
Құрманалиева А.Д.
дінтану және мәдениеттану
кафедрасының меңгерушісі