Диабет жараларын емдейтін өсімдік

16 қараша, 2016

Vexibia alopecuroides өсімдігінің сығындысы диабеттік жаралардың жазылуын үдететіндігін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экология мәселелері ҒЗИ ғалымдары анықтады.

Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша емделмеген жануарлармен салыстырғанда тәжірибелік жағдайдағы жануарлардың қант диабетінің жаралары бір жарым есеге тез тартылып жазылуына Vexibia alopecuroides тамырынан алынған сығындысы себеп болған. Оған қоса бұндай нәтиже жоғары ұйымдасқан коллагендік талшықтардың құрылғандығы есебінен болған.

Ғалымдар анықтағанындай, эксперименталды түрде Vexibia alopecuroides тамырының сығындысымен емделген және емделмемен төрт аяқты жануарлардың қан сарысуының биохимиялық құрамдары арасындағы айырмашылық  болар болмашы болған.

Қолға тиген  зерттеулер «диабеттік табан» сияқты күрделенген қан диабетін емдейтін фитопрепаратты дайындау мәселесі ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудыруда»,-деді б.ғ.д. профессор Т. Карпенюк.