«Нұр Отан» партиясы XIX есеп беру- сайлау конференциясы өтті
16 қараша, 2016
ҚазҰУ-да «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының XIX есеп беру - сайлау конференциясы өтті.
Конференция аясында шақырылған қонақтар мен делегаттар Бостандық аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдары есепті кезеңінде атқарған жұмыстары туралы есеп беруіне құлақ салды.
Есеп беру барысында партиялықтар 2017-2018 жылдарға идеологиялық, қоғамдық саяси, ұйымдастырушылық партия жұмысының басым бағыттарын одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмаларын белгіледі.
Конференция қатысушылары Саяси кеңес Бюросының мүшелері мен делегаттарын сайлау жөнінде ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылдаған мүшелеріне партия билеттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі болды.
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024