Жалынды жастармен кездесу

18 қараша, 2016

Жалынды жастармен кездесу

ҚазҰУ-да  Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам  және  дін істері вице-министрі Абзал Нүкенов Алматы қаласының жастарымен кездесу өткізді.

Жоғары оқу орнына арнайы келген  министр «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен ҚазҰУ кітапханасын аралады.  Жоғары мәртебелі қонақпен қатар Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Бейсенбаев бастаған белсенді жастар қалашықтағы заманауи жабдықталған бірегей орталықтарды тамашалады. Вице-министрдің қалашықтағы аталған орындарға баруының өзіндік мәні бар.  ҚазҰУ  студенттік белсенділіктің  эпицентрі болып табылады және оқу орнындағы «Керемет» СҚО-да қалалық жастар ұйымдарының кездесулері жиі өтіп тұрады.

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жалғасын тапқан шара жастар саясаты жөніндегі ұйымның  есеп беру  промо-роликтеріне ұласты.  Олардың әрқайсысы өскелең ұрпақ қызметіндегі жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, сол арқылы қатысушылардың қызығушылығын артттырып, рухтандыра түсті.