ҚазҰУ студенттері «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды шешімдері» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысты. Ғылыми алаңды Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Конференцияға ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Айтимова, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, елбасының курстастары мен достары, еліміздің 15 ұлттық оқу орынының оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері ат салысты.
Онлайн конференция барысында жұмыстар 4 секция бойынша көрсетілді: «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі», «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы қазақстандық үлгісі», «Қазақстан Республикасының Президентінің институты және қоғамдағы саяси тұрақтылық пен азаматтық бірігуді қамтамасыз ету», «ИИДМБ-2- «Индустрия 4.0»-ке көшуге жағдай жасау».
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Тарих» мамандығының 1 курс магистранты Мадина Қадырбаева онлайн-конференцияда баяндама жасап, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құру және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудағы жасампаз және озық рөлін және ядролық қарусыздандыру үдерісіндегі Қазақстанның қосқан зор үлесін атап өтті.