ҚазҰУ-дың медицина факультеті ұйымдастырған конференция Дүниежүзілік қыстық универсиада аясында допингке тексеру және спортшыларды медициналық қолдау дайындықтары сияқты мәселелерді шешу мен үлкен жеңістерге қол жеткізу сауалдары талқыланды.
Осы тұрғыда бүгінгі күні қатысушылардың 90%-ы дайындық пен тексерістен өтті. Яғни медициналық ресурстарды үлестіру үш топ бойынша іске асырылатын болады: спорттық дәрігерлер мен республикалық өрт сөндірушілер, санитарлық авиация тобы кіретін спорттық топ; медициналық пунктері бар 16 блокты тұрғылықты орындардан тұратын атлетикалық топ; автовокзалдар мен ауежайлар, қонақ үйлер қатарына кіретін спорттық емес топ. Олар емделушілерді қабылдаудан бастап емдегенге дейін медициналық көмек көрсетеді.
Медициналық қамтамасыз етуден бөлек, конференция барысында тағам қоспаларын қолдану жайы талқыланып, әлемдік допингке қарсы агенттіктердің 2015 жылғы деректеріне сәйкес барлық класс бойынша рұқсат етілмеген субстанциялардың саны аталды. Сынаманың оң түрінің жартысынан көбі анаболикалық стероидтер болса, 15,4% сынама ынталандырушы, ал 12,5%-ы несеп айдаушы заттардың қоспалары. «Әлемдік допингке қарсы ұйымның деректеріне сүйенсек, 71 оң нәтижелі сынама шыққан»,-деді ӘДқҰ директоры Майра Бақашева. Сарапшының айтуынша, рұқсат етілмеген заттардың қатарына гормондық және метоболизмдік модулятор кіреді.
Конференция барысында қатысушылар жұмыс жобасының қарарын қабылдады. Спортшылардың допинг қабылдауына деген көзқарасын өзгерту, жалған ақпарат беріп, алдағаны үшін қылмыстық жазалау; «таза спорт, таза жеңіс» ұғымын қалыптастыру. Әлемдік допингке қарсы Кодекспен бекітілген ББҚ мен анаболиктерді және т.б. зиянды заттарға шектеу қоятын білім беру бағдарламаларын ойластыру.