ҚазҰУ ғалымдары жоғары сапалы моторлы отын шығарудың жаңа әдісін ойлап тапты
ҚазҰУ ғалымдары жоғары сапалы моторлы отын шығарудың жаңа әдісін ойлап тапты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар» ҒЗИ ғалымдары гомогенді және гетерогенді катализаторлардың қатысуымен тотықтандыратын және қалпына келтіретін реакцияны қолдану негізінде құрамында күкірті төмен жоғарысапалы моторлы отын алу тәсілін ұсынды. Жобаның авторы- х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.К. Мылтықбаева.
Технология түрлі құрамды мұнай фракциясын күкіртсіздендіру үшін тотықтандыратын және қалпына келтіретін үдерістерді қолдана отырып әзірленді. Бұл әдіс барлық әрең жойылатын заттарды толықтай көмірсутекті шикізаттан «тазалауға» мүмкіндік береді. Яғни өндірістік сұйылтылған тиофенді гидротазалау арқылы жоғарысапалы бензин мен дизель отынын алуға болады. Күкіртті жою жайында ұсынылған әдісті Евро-4 талаптарына сәйкес құрамында күкірті аз мотор отынын алуда отандық МӨЗ-тар қолдана алады.