- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы және Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы және Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
30-қараша күні экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ҚР Тұңғыш Президент күніне орай жас ғалымдар мен студенттер арасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы және Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында экономика және бизнес жоғары мектебі деканының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, э.ғ.к. доцент Л.А.Бимендиева тәуелсіздік жолындағы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегіне тоқталып, Парламентпен бекітілген ерекше құжат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы жайлы айта кетті.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы «Өмір өткелдері» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. ЭжБЖМ 4-курс студенті Ғани Абай «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясы тарихи кезеңге арналған құжат ретінде», ЭжБЖМ магистранттары Мейрам Камила «Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері» және Еркін Назарбай «Әлем - Қазақстанның орнықты дамуы мен Елбасы» тақырыптарында баяндама оқыды. Дөңгелек үстел барысында студенттер мен магистранттар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сондай-ақ, шарада 1-курс студенттері О. Қарынбаев пен Ж.Нұрхан рухты күйлерімен құлақ құрышын қандырып, 2-курс студенті А.Бексұлтан жиналған қауымға Тәуелсіздікке арнаған жүрек жарды туындысын тарту етті.
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
ЭжБЖМ «Сұңқар» студенттер мен магистранттар
кәсіптік бюросының баспасөз хатшысы Ә.Жайназар