Корейтану кафедрасының студенттері шәкіртақыға ие болды
2 желтоқсан, 2016
Аталмыш шәкіртақы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті мен «Шинхан банк Қазақстан» АҚ арасында білім, ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытып, студенттердің кореи тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында тағайындалған. Банк тарапынан берілген шәкіртақы сабақ үлгерімінен жоғары GPA көрсеткіштері бар белсенді студенттер ие болды.
«Шинхан банк Қазақстан» АҚ өкілі стипендия иегерлеріне банкте арнайы есеп-шот ашылғанын жариялады. ҚазҰУ басшылығы корейтану бөлімінің үздік студенттерін қолдап, университетке қосып отырған үлестері үшін банк басқармасының төрағасы Чой Мёнг Кюдың атына алғыс хатын тапсырды.
Басқа жаңалықтар
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024