ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми жаңалықтары

3 желтоқсан, 2016

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экология мәселелері ҒЗИ ғалымдары мұнайдың тірі ағзаға түсуі ДНҚ мен мутация жарылуының көбеюіне алып келетінін дәлелдеді. Жобаның жетекшісі - БҒҚ, б.ғ.д., професор Т.М. Шалахметова.

Жоба авторлары Қызылорда облысының мұнай-газ орындарына жақын тіршілік етіп жатқан аңдардың фондық түрлерін қарастырды. Зертханадағы тышқандарға және Құмкөл аймағына жақын тіршілік еткен аңдардың фондық түріне эксперимент жасалды.

Эксперименттік зерттеулер барысында тышқандарға шикі мұнайды иіскетіп, олардан біртізбекті ДНҚ жарылулары бар соматикалық торлардың көбею деңгейін байқады. Мұнайлы жерлерге жақын тіршілк еткен аңдардың фондық түрінің токсико-экологиялық жағдайы генетикалық, гистологиялық биомаркерлік көрсеткіштердің аналогиялық өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Биомаркер жиынтық анализінің негізінде Қызылорда, Қарағанды облыстары мен Құмкөлдегі мұнай өзіне жақын орналасқан аймақтарға кері әсерін беретінін анықтады.