Цифрлық сауаттылық: мультимедиалық контент пен пішін жасау технологиясы

5 желтоқсан, 2016

Астана, 9-11 желтоқсан 2016 ж.әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті ұйымдастыруымен Адам құқығы және Бүкіләлемдік телевизия күндеріне арналған "Цифрлық сауаттылық: мультимедиалық контент пен пішін жасау технологиясы" IV Республикалық Мобильдік медиа мектеп өтеді.

Өтетін оны: Астана, Қонаев көшесі, №4 үй, «Қазмедиаорталығы» конференц-залы, 21-қабат

Ашылу уақыты менкүні: сағат 10:00 2016 ж.  10 желтоқсан

Ұйымдастырушы:   «Қазмедиаорталық» ЖШС қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Журналист» БАҚ мамандарының біліктіліктілігін арттыру және аккредитациялау орталығы.

Ресми серікстестер:
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Ақпараттық Бюросы;
Алматы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы;
"Байтақ болашақ" экологиялық альянсы.

Ақпараттық қолдаушылар:
«Қаз«Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС

«Медиамектеп медиаорталық» ЖШС;

«Қазконтент» АҚ;
"Бас редакторлар клубы" ҚБ;
"Қазақ Интернеті" ҚБ;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ТРК.

Медиа мектеп аясында мына модульдар бойынша семинар-тренингтер мен шеберлік-сыныптары өтеді:
- цифрлық коммуникацияның қоғамның саяси және әлеуметтік өміріне ықпалы;
- қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша білім алмасуда цифрлық медианы қолдану;
- бұқаралық коммуникацияда цифрлық медианы қолдануды бағалау мен демократиялық инститтутар мен әлеуметтік үдерістерге ықпалы.

Мобильдік медиа мектеп жұмысына Астана, Алматы қалалары және Қызылорда, Қарағанды, Атырау өңірлерінен жас журналистер қатысады деп күтілуде.

2016 жылы әл-Фараби ат. ҚазҰУ журналистика факультеті ұйымдастыруымен өңірлік жас журналистерге арналған мобильдік медиа мектеп шаралары еліміздің Оңтүстігі, Солтүстігі мен Шығысында өтті. Жыл соңында IV мобильдік медиа мектеп жұмысын Астана қаласында қорытындылайды.

Бағдарламаға жазылу үшін:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі
Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы
Кафедра PhD докторанты Әлімжанова Әйкерім Болатханқызы
Тел.: +7727221351; +7272211492
моб: +77073777049; 87073909790
e-mail: mobileschool2016@gmail.com