Академик Шалтай Смагулов құмертіне 6-7 сыныптарға арналған математика олимпиадасы 2 тур.

5 желтоқсан, 2016

Бұл жолы оқушыларға 3 астрономиялық сағатта  5 тапсырманы  шешу ұсынылып, тек дұрыс жауап ғана емес, сонымен қоса кеңейтілген шешім талабы қойылды.

Кейбір қатысушылар олимпиададан кейін келесі Қашықтықтан өтетін Эйлер құрметіндегі олимпиаданың  1 тур кезеңіне қалды.

Осы орайда, Олимпиада басшысы мен демеушісіне алғыс айтықмыз келеді. Әрбір қатысушыға кең танымал шоколад пен су берілді. Механика-математика факультетінің Үлкен залында 6-шы желтоқсан 16.00-де өтетін олимпиаданың жабылу салтанатында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады, ал жеңімпаздарды дипломдар, грамоталар және бағалы силықтар күтеді. 

Алдын-ала қорытынды бойынша 7 сыныптар аралығында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары көш бастаса, 6 сыныптар аралығында мамандандырылған 165 лицей оқушылары алда келеді.