Ғалымдар "Ньютон-аль-Фараби семинарына" қатысты
Қазақ ұлттық университеті базасында құрылған Кәсіби даму және ынтымақтастық орталығы үкіметаралық Қазақстан-Британ «Ньютон - Әл-Фараби» бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және British Council арасындағы әріптестік жоба ретінде «Тиімді презентация» және «Ғылыми жұмыстарды жазу» семинар-тренингін өткізді.
Семинар мақсаты - ағылшын тілінде шетелдік журналдарда мақалалар жазу менконференцияларға презентациялар дайындау үшін зерттеушілердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Семинарға Алматы қаласындағыӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылым ордасы, Алматы технологиялық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ, Сүлейман Демирел университеті, Азаматтық авиация академиясы, Энергетика және байланыс университеті сияқты ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жетекші университеттерінің ғалымдар қатысты.
Семинарды British Council куәландырған қазақстандық жаттықтырушылар Вудворд Д.Б. және Нарымбетова К.А. өткізді.
2015 жылы Шотландияның Абердин университетінде әлеуметтік ғылымдар бойынша беделді стипендиямен марапатталғанжәне осы стипендия берілген бірінші қазақстандық, Сүлейман Демирел университетінің Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі М. Сеңгірбай мырза өз сұхбатында былай деді: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ семинар өте жоғары халықаралық деңгейде өтті. Қазақстандық ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің кәсіби деңгейін көтеру және халықаралық серіктестік құру үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Тек өзіңізге сенім артып, барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет».
Семинардың ұйымдастырушылары –әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті жанындағы Кәсіби даму және ынтымақтастық орталығы мен география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кәсіби даму және ынтымақтастық
орталығының директоры
Диляра Вудворд