Жол-көлік апаты жарақатының заманауи аспектілері

6 желтоқсан, 2016

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің денсаулық сақтауды ұйымдастыру және саясат кафедрасы мен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жол-көлік апаты жарақатының заманауи аспектілері» атты аймақтық конференция өткізеді.

Жол-көлік апаты жарақатының заманауи аспектілеріне арналған конференция бағдарламасы халықтың, жалпы білім беру ұйымдары мен жол полициясы қызметкерлерінің білімін көтеру, сонымен қатар, жол-көлік апатына ұшырағандарға білікті мамандандырылған медициналық жәрдем беру және мүгедектікті төмендетуге көмек көрсету мәселелерін көтере отырып, өлімді төмендету мен ведосмствоаралық интеграцияны нығайтуға бағытталады. Конференция аясында «ЖКА жағдайларында алғашқы көмек көрсету» шеберлік сағаты ұйымдастырылады.

Конференцияға Алматы қаласының әкімшілік өкілдері, Алматы қаласының және Алматы облысының жол полиция Басқармасы, Алматы қаласының ІІМ Академиясы, Алматы қаласының білім беру Басқармасы қатысады.

Конфереция барысында 3 секция жұмыс істейтін болады:

  1. Жол-көлік апаты жарақатының әлеуметтік -медициналық аспектілері
  2. Жол-көлік апаты жарақатымен байланысты білім беру бағдарламалары
  3. Жол-көлік апаттарын төмендету жөнінде бөлімаралық қарым-қатынас келешегі және мәселелері

«Жол-көлік апаты жарақатының заманауи аспектілері» конференциясы 2016 жылдың 9 қарашасы күні өтеді.

Өтетін уақыты:

Сағ.10:00 - «Жолда ЖКА жағдайларында алғашқы көмек көрсету» шеберлік сағаты (ҚДСЖМ- денсаулық сақтауды ұйымдастыру және саясат)

Сағ. 12:00 - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, № 308 Конференция залы

Конференцияға барлық қатысамын деушілер шақырылады!